Шэньчжэньдегі ICPC Challenge 2024 Powered by Huawei чемпионаты мәресіне жетті
Huawei қолдауымен Шэньчжэньде өткен ICPC Challenge Championship (бұдан әрі – Чемпионат) жақында мәресіне жетті және қатарынан екінші жыл Қытайда өткізілді. Чемпионат Huawei компаниясы мен Халықаралық студенттік бағдарламалау конкурсы (ICPC) бірлесе ұйымдастырған іс-шара болып табылады. Бұл чемпионат бүкіл әлемнің үздік бағдарламашыларын нақты салалық мәселелерді шешу жолдарын, негізгі технологиялық үрдістерді және болашақтағы міндеттерді талқылау үшін жинайды. Биылғы іс-шарада 35 ел мен аймақтан 90-нан астам жаттықтырушы мен қатысушы бас қосты.
Бес сағаттық қарқынды күрестен кейін жапондық Хиротака Йонеда чемпионатта жеңіске жетті. Қытайдан, Армениядан, Польшадан және басқа елдерден тағы тоғыз қатысушы екінші және үшінші орындарды бөлісті.
Ашылу салтанатында Huawei Стратегиялық зерттеулер институтының президенті Чжоу Хун былай деді: «Алдағы 20-30 жылда біз интеллектуалды әлемге қадам басамыз. Бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерді ашып қана қоймай, сонымен бірге тек әлемнің үздік ақыл-ой иелерінің бірлескен күшімен шешуге болатын үлкен мәселелер туындатады. Huawei компаниясы қазіргі нақты мәселелермен және болашаққа арналған болжамдарымызбен бөлісуді, платформаларымызды ашуды және академиялық әрі өндірістік саланың сарапшылары мен таланттарымен бірге жұмыс істеуді көздейді. Бұл іргелі ғылымдағы теориялық зерттеулерде маңызды серпілістерге ықпал етіп, қолданбалы технологиялардың шекарасын кеңейтуге және әлемнің өркендеуіне үлес қосуға мүмкіндік береді».
Huawei Стратегиялық зерттеулер институтының президенті Чжоу Хун ашылу салтанатында
Аталмыш чемпионат Huawei компаниясының құрылғылар, есептеу техникасы және коммуникациялар саласындағы зерттеу платформаларын ашуға бағытталған тұрақты бағдарламасының бір бөлігі. Ол жаңа буын мамандарына өз талантын көрсетуге мүмкіндік береді. 2019 жылдан бастап Huawei және ICPC бірлесіп ұйымдастырған ICPC Challenge бағдарламалау әлемінде ауқымды шараға айналды. 2023 жылы Huawei қолдауымен ICPC Challenge Championship powered by Huawei алғаш рет өткізілді. Бұл шараға алдыңғы ICPC Challenge жеңімпаздары, сондай-ақ ICPC-дің аймақтық және әлемдік финалдарының үздік қатысушылары қатысып, үздік бағдарламалау таланттары үшін желілік және бәсекелестік платформа ұсынады.
Чемпионат барысында қатысушылар бес сағат ішінде біздің күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты фото тарихты оңтайлы таңдау мәселесін шешуді бағдарламалауы керек еді. Чемпионат тек бағдарламалау және оңтайландыру дағдыларын ғана емес, сонымен қатар модельдеу және инновациялық ойлау қабілеттерін де тексерді.
Чемпионат барысындағы қатысушылардың шағын бөлігінің көрінісі
Чемпионат аясында қатысушылар үшін бірқатар қосымша іс-шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, тапсырмалар әзірлеушілері мен алдыңғы жарыстардың қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Tech Talks деп аталатын сессияларда Huawei компаниясының аға технологиялық жетекшілері салалардың алдында тұрған технологиялық үрдістер мен қиындықтар туралы өз көзқарастарымен бөлісіп, жас таланттарды шығармашылық әлеуетін ашуға ынталандырды. Спикерлер қатарында Huawei стипендиаты Чэнь Хайбо, Huawei Consumer BG бас ғылыми қызметкері Тянь Ци, Huawei HiSilicon медиаалгоритмдер бойынша маманы Майкл Би Ми және Huawei Consumer BG Software Engineering кадрлармен жұмыс бөлімінің директоры Ю Цзинь болды.
Huawei жетекші халықаралық жарыстарды қолдауды жалғастыра береді. Мәселелерді әзірлеу және техникалық алмасуды қолдай отырып, Huawei жаттықтырушылар мен қатысушыларға заманауи өнеркәсіптік білімдер мен мәселелерді зерттеуге көмектеседі, дарынды адамдарды инновацияларға қатысуға ынталандырып, бүкіл әлем бойынша білімдер мен дағдылардың алмасуына ықпал етеді. Бұл сайып келгенде технологиялар мен өнеркәсіптің жаһандық дамуына және әлеуметтік әл ауқаттың жақсаруына ықпал етеді.